Біреуі – бала: ШҚО-да ыстан уланған екі адам қаза тапты
ТЖД өкілдері тұрғындарға ескерту жасады
Шығыс Қазақстан облысында жылыту кезеңі басталғалы бері ақауы бар пеш салдарынан 17 азамат зардап шеккен, оның 10-ы – балалар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мамандары 150 000-ға жуық үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жылыту пешін дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар таратты.
Зардап шеккен азаматтар дәрігерлердің көмегіне мұқтаж медициналық мекемелерге жатқызылды. Оқиғалардың негізгі себептері – уақытылы тазаланбаған түтін мұржалары, пештердің тиісті күйде болмауы (жарықтар, күйіктер).
«Соңғы оқиға 14 қаңтарда Өскемен қаласында болды. Үй иелері, Щербаков көшесінде 1981 жылы туған ер адам және 1976 жылы туған әйел көміртегі тотығымен уланып ауруханаға жатқызылды. Көміртегі тотығының әсерінен олардың 2015 жылы туған қызы сол жерде қайтыс болды», — делінген ТЖД хабарламасында.
Аталған факт бойынша материалдарды жинау барысында көміртегі тотығымен улану қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен алынғаны, атап айтқанда, өрт шыкпай жылыту пешінің жарықтарынан жану газдары шыққаны анықталды.
«14 қаңтарда Глубокое ауданында Белоусовка кентінде Пушкин көшесінде жеке тұрғын үйде өрт болды. Тұрғын бөлмеде жиһаз, жеке заттар, тұрмыстық техника өртенген. Келген өрт сөндірушілер 16 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. өртті барлау барысында дәлізде газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 1992 жылы туған қайтыс болған адамды тапты. Өрттің алдын ала себебі — төсекте темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау», — делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері тұрғындар өз үйлеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы ойлануы керек екенін, сақтық шараларын сақтап, мұржаларды тазалау кезінде жарықтар мен ақауларды жою қажеттігін еске салады.