«Біреу бірдеңе тығып ала ма деп қорықтық»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай не үшін күзетпен жүргендерін түсіндірді

Танымал актриса Дариға Бадықова мен әнші, актер Олжас Абай ел алдына не үшін күзетпен шыққанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aq pen qara подкасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иелерінің “Сезім үшін” дуэті жылдың үздік әні атанып, “Таптым-ау сені” фильмі көп қаралым жинап, рекорд жаңартқан еді.
“Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер» демедік. Күзетпен тек бір ғана ұжымдық кешке бардық. Бізге де ақша керек. Той мен кештерге шығамыз. Оның үстіне әніміз хитке айналды. Ол кезде мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деген болуы керек. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Ешкімнің ішіне кіріп шыққан жоқпыз. Сақтық үшін жасалған дүние болатын. Соны іліп әкетіп, бізді жаманатты етіпті. Екі түрлі бағытта шығарған. «Батыс жабайы» деген әңгімені де біз айтыппыз. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы жанашыр екен”, – деді актриса.
- «Қала әкімінің үйін жалға алдық»: Еркін Рақышев кино түсірудің қиындығын бөлісті
- «Тойымызға Грузия президенті қатысты»: Актриса Аянат Есмағамбетова 16 жылдан кейін елге оралып, жаңалығын бөлісті
Алайда күзетсіз кірген тойда оқыс оқиға болған. Адамдар құлап, актрисаның шашын жұлған.
“Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Сол кезде адамдар бізбен суретке түсеміз деп жүгіріп, сүрініп құлаған. Шашымыздан тартып, көп адам қысылып қалды. Кейбір тойларға үлгермей жаттық. Бір тойға күзетсіз барып, өліп қала жаздағанбыз. Негізі елімізге танымал өнер адамдары күзетпен жүрсе қуануымыз керек. Голливуд жұлдыздарын арнайы жасақ күзетеді екен. Сол жаңалыққа таңғаламыз. Өзіміз жүрсек сөзге қаламыз?! Қазақ спорт пен өнерден басқа әлемге несін танытады”, – дейді өнер иелері.
Еске салайық, Дариға Бадықова фильмін сынағандарға жауап бергенін жазған едік.