Главное

Бір палаталы парламент кезінде партиялар күшейе түседі – депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев президенттің елімізде бір палаталы парламент құру бастамасына пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың пікірінше, жаңа парламенттің жасақталуы партиялық институттардың, партиялардың дамуына зор үлес қосады.

«Бұл өте маңызды және заманауи қадам. Өйткені әлемдегі дамушы мемлекеттердің барлығы бірінші кезекте осындай институттар арқылы өз жұмысын дамытады. Мемлекет басшысының мұны талқылауға салуы Қазақстанда демократиялық, мұнымен қатар либералдық қадамдардың өте ауқымды жүріп жатқанының бірден бір белгісі. Бұл бастама әртүрлі деңгейде бір жыл бойы талқыланады. Одан қалса, мемлекет басшысы өз сөзінде айтты, халық егер де қолдап жатса, референдум ұйымдастырылады. Бұл өте маңызды шешім», — деді Бейсенбаев президенттің жолдауынан кейін.

Оның айтуынша,Қазақстанның жағдайында бұл ірі әлеуметтік, болмаса саяси мәселелерді референдум арқылы шешудің үшінші қадамы болмақ. Біріншісі – конституциялық реформа,  екіншісі АЭС салу мәселесі болса, ал үшіншісі бір палаталы парламент құру бастамасы.

«Болашақта жүйелі түрде осындай жұмыстарды осылай шешудің бірден бір алгоритмі қалыптасатын болса, онда халық барлық ірі процестерге тікелей атсалысады», — дейді мәжілісмен.

Бейсенбаев бір палаталы парламент құрылса, саяси партиялар күшейе түседі.

«Менің ойымша, партия саны көбейеді дегеннен бұрын партиялар нығая түседі, олар күшейе түседі. Партиялар қазір жұмысын үдетуі қажет болады, өйткені әрбір дауыс, халықтың қолдауы маңызды», — дейді ол.

Бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді. Бұл ұсыныс қоғамда әлі бір жыл талқыланып, референдум өткізілуі мүмкін.

Другие новости

Back to top button