ГлавноеГосорганы

«Бір кітапты 150 кітапхана PDF-ке аударады»: Аймағамбетов кітапханаларды цифрландыру жайлы

Ол мұндай кітапханалар ешкімге керек емес жұмысты атқарып отырғанын айтты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов комитет отырысында кітапханаларды цифрландыру жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әртүрлі мерейтойларға бағытталған 20-40 томдық кітап шығарылды. Оны ешкім баяғыдан оқымайды. Барлығы кітапханаларда бар. Мерейтойға деп соны тағы жинақтап, тағы да 20 том қылып мұқабасын әдемілеп шығарамыз. Өкінішке қарай, ақша сонда кетеді. Бұл мәселені де біз жасырмай айтуымыз керек. Бұл бойынша бізге жаңа тәртіп керек. Мерейтой, мереке болса классик болып кеткен ағаларымыздың жұмысы шығады. Ал жастарды қолдау тыс қалып жатады. Қазіргі уақытта Қытай ғылыми-фантастикаға қолдау жасайды. Бізде ондай жұмыс бар ма, жоқ па?», — деді Аймағамбетов.

Депутат кітапханалардың цифрландыру жұмысы жайлы айтты.

«Ауданда жұмыс істеген кезімде әр кітапхана сканерді ашып, кітапты PDF-ке айналдырады. Қазақстанда неше кітапхана бар, солардың барлығы керек емес жұмысты жасайды. Бір кітапты 150 кітапхана PDF-ке аударады. Ол цифрландыруға жатпайды. Біз қазір жаңа элекронды форматтарға көшуіміз керек», — деді депутат.

Другие новости

Back to top button