Нур-Султан

Бір жылда Астанада кедейлік шегі айтарлықтай жоғарылаған

Жыл басынан бергі екі тоқсанның қорытындысы бойынша 1 млн қазақстандық ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасындағы табысқа күнелткен. Бұл халықтың 5,1 %, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА БЮРОСЫ НЕ ДЕЙДІ?

Кедейліктің ең жоғары шегі Түркістан облысында – 188,5 мың. Бұл – облыс тұрғындарының 8,8%-ы. Ары қарай кедейлік жоғары өңірлер қатарында Жетісу –  7,8% ( 54,2 мың), Абай – 7,7% (46,5 мың) облыстары тұр.

Кедейліктің ең төменгі көрсеткіші Қарағанды және Атырау облысында тіркеліп отыр. Ол жерлерде көрсеткіш пайыздық шамада 3-ке тең немесе халықтың сәйкесінше, 33,6 мың, 21,4 мың адамы кедей тұрмыс кешеді.

Мұнан кейінгі сатыда 3,3%-бен Астана жайғасқан. Елорда тұрғындарының 48,4 мыңы кедейлік шегінде өмір сүреді. Бұл – республика бойынша тәуір көрсеткіш болғанымен, жағдай бір жыл бұрынғыға қарағанда едәуір нашарлап, кедейлік шегі 37,3%-ға артқан.

ҚАЙ САНАТТА КЕДЕЙЛІК КӨП

Бюро мәліметінше, кедейлік шегіндегі 1 млн адамның 889,8 мыңы 5 адамнан тұратын отбасылардың мүшесі. Ал 86,5 мыңы төрт адамдық жанұяларда, 35,6 мыңы үш адамдық, 14,6 мыңы екі адамдық отбасында тұрады. Жалғыз адамнан тұратын кедейлік шегіндегі санатқа 1,4 мың тұлға кіреді.

Другие новости

Back to top button