Госорганы

Бір аптада Қазақстанда 2 738 қылмыс тіркелді – ІІМ

Бір аптада еліміз аумағында 2700-ден астам қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 2738 қылмыс жасалды, оның 1651 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 29 тонау және 402 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Сондай-ақ, өткен аптаның соңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Елдегі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. БІРТҰТАС ҰЛТ. Берекелі қоғам» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру кезінде әзірленген.

Онда қазіргі заманғы әлемдік есірткі қаупінің ерекшеліктері ескерілді, атап айтқанда психоактивті заттардың жаңа түрлерінің үлесі артуы, есірткіні өндіру және таратудың соңғы әдістері қаперге алынды. Құжатта заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, қазіргі заманғы есірткі бизнесінің сын-қатерлеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, қазақстандық қоғамның есірткіге бейімділігі деңгейін төмендету көзделген.

Другие новости

Back to top button