Жамбылская область

Бір адам қаза тапқан: Жамбыл облысындағы атысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жамбыл облысында салдарынан бір адам қаза тапқан атысқа қатысы бар күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері қылмысқа қатысқандардың бәрінің аты-жөні анықталды.

«Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ. Сондай-ақ тағы бір күдікті қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу салуға жарияланды», — деді Жамбыл облысы ПД бастығынын орынбасары Алмас Саламатов.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске салайық, 25 қыркүйекте Жамбыл облысының Шу ауданында атыс болып, төрт адам зардап шекті, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. Кісі өлтірді деген айыппен Төле би ауылының 22 жастағы тұрғыны күдікке ілінді.

Другие новости

Back to top button