Спорт

Бибісара Асаубаева Қытайдағы турнирде екінші орын алды

Жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Қытайда өткен The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Асаубаева мен чемпион атанған әзірбайжандық шахматшы Гюнай Мамедзаде екеуі 8,5 ұпайдан жинаған. Бірақ қазақ шахматшысы қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыласына есе жіберді.

 

Демалыс күндері турнирді жақсы өткіздім. Ешкімнен жеңілмедім және қосымша тағы бір ұпай алуға болатын еді. Өкінішке қарай, тай-брейкте ойнауға болмайды. Сондықтан үшінші қосымша ойын бойынша екінші орын алдым,

деп жазды Бибісара Instagramсторисінде.

Жақында Асауабаева Алматыда өткен әлем чемпионатында екінші рет чемпион атанған.

Другие новости

Back to top button