Безеу- ересектерде жиі кездесетін тері ауру түрі
Бүгін халықаралық косметологтар күні. Осыған орай косметолог маманмен сұлулық жайлы сұхбаттасуды жөн көрдік.
— Мен үнемі дерматология және косметология бойынша халықаралық конгресстер мен курстарда біліктілігімді арттырып келемін. HIFU технологиялары бойынша әлемде көшбасшы болып саналатын Оңтүстік Кореяның «Classys» компаниясының осындағы елшісімін — деп әңгімесін бастады Ұлттық госпитальдің косметолог дәрігері Мухаббат Мамирова. Ол Алматы Мемлекеттік медицина университетінің медицина факультетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтында (NIKVI) косметология курсы мен дерматовенерология мамандығы бойынша клиникалық ординатурада білім алған.
— -Бізге күн сайын терідегі сан алуан мәселемен (безеу, розацея) науқастар келеді. Қазір безеу ересектерде жиі кездеседі. Саңырауқұлақ аурулары бар науқастардың да саны көп. Сондай-ақ жасқа байланысты өзгерістерге шағымданатын адамдар бар. Бұған әжімдер, бет формасының өзгеруі, тері тургорының төмендеуі және т.б жатады. Әртүрлі тыртықтар (жарақаттан , безеуден кейінгі және басқалар) мен тері ақауларын жақсартуға болады. Мұны емдеуге аралас әдістер қолданылады. Мысалы аппараттық құралдар (лазерлік емдеу, RF микронедлинг) және әртүрлі препараттармен инъекция әдістері бар. Ал тері секпілдері тұқым қуалайды. Оларды заманауи аппараттық техниканың көмегімен аздап көмескілендіруге болады. Түрлі пигментті дақтарға да (олардың табиғатын, пайда болу себебін т.б зерттей отырып, ) аралас емдеуді әдісін қолданылады. Көпшілігіміз күнге күюді ұнатамыз. Бірақ күн сәулесін белгілі бір мөлшерде қабылдаған жөн. Тері ультракүлгін сәулеленуден жиі зақымдалады. Бұл жасқа байланысты өзгерістерге қарағанда әлдеқайда көп кездеседі. УКР коллагенді бұзады. Сондықтан теріні SPF сүзгілері бар кремдермен қорғау қажет. Сондай-ақ терінің су балансын қалпына келтіру үшін биоревитализация процедураларын жүргізу қажет. Денсаулыққа да , теріге де күтім керек.
Мен өз тәжірибемде барлық озық технологияларды, заманауи әдістерді жиі қолданамын. Тек Алматыдан ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де емделушілерім бар- дейді білікті косметолог. Мухаббат Мамирова біраз уақыт бұрын Еуропалық әріптестеріне Вильнюс пен Риганың жетекші ERA ESTHETIC клиникасында HIFU технологиясынан шеберлік дәрісін өткізіп қайтқан. Бұл заманауи технологияға 1,5-тен 4 мм-ге дейінгі тереңдікте жоғары қарқындылықтағы ультрадыбыстық толқындардың шоғырланған сәулесін пайдаланады. Мұндай методика тез арада нәтиже береді. Дәрігер бұл технологияны меңгеру үшін көп жыл ізденіп, Сеулде білім алған. М.Мамированың бұл тәжірибесі Еуропада 9 филиалы бар жетекші клиникада пайдалы болған.
Бұл қазір HIFU және басқа әдістермен алынбайтын бетті, мұрынды, иекті, блефаропластиканы, денедегі май шөгінділерін операциясыз түзетудің ең жақсы баламасы. Ауырусыз және жайлы процедура жақсы коллагеностимуляция береді, тіндерді нығайтады. Косметолог-дәрігер бұл әдісті «кушетка әсері» деп атапты. Емделуші үш айға дейін әсері бар керемет нәтижені бірден көреді екен. Емнен кейін бет пен дененің бөліктері жиналады, түзетілетін көрінеді. Физиологиялық процедураны жылына бір рет қайталауға болады. Ал жасы ұлғайған адамдар болса, жиірек жасату керек. Балтық жағалауы, Польша және Германия клиникаларының тыңдаушылары шеберлік сыныбына дән риза болып, М.Мамировамен жиі кездесіп, тәжірибе алмасып тұратындарын айтқан.
Автор: Жазира Ельшибаева