Социум
Бес минуттан артық оталып тұрған көлікті телефонына түсірген ер адамның видеосы тарады
Желіде бес минуттан артық оталып тұрған көлікті түсіріп тұрған ер адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Міне, блогер. Таңертең тұрып алып, 5 минуттан артық оталып тұрған көліктерді видеоға түсіріп тұр. Мына «Мазда» көлігін түсіріп тұрғанына 2 минут болды. Көліктің дабылы жоқ сияқты, иесіне хабар берейін десем», — дейді видео авторы.
Айта кетейік, аязды күні көлігіңізді бес минуттан артық қыздырсаңыз айыппұлдан құтылмайсыз. Қазақстанда көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін қанша айыппұл салынатыны белгілі болды.