ГлавноеГосорганы

Беларусь ШЫҰ-ға кіреді – Лукашенко

Беларусь ШЫҰ-ға кіреді. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2 шілдеде елдің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болады. Бұл ұйымға кіру – бірнеше күндік мәселе. Барлық тиісті мемлекетішілік рәсімдер аяқталды», — делінген Минскідегі салтанатты іс-шараның пост-релизінде.

Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға 9 мемлекет мүше: Қазақстан Республикасы, Үндістан республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

Другие новости

Back to top button