Социум

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы: Жел тұрып, тұман түседі, үсік жүреді

15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда түнде топырақ бетіне мұз қабыршақтанып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні өңірдің шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойса соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 18 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Қарағандыда да 3 градус үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні облыс орталығында 15-20, кей тұста 23 м/с жетеді. Қызылордада шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні 19 м/с жетеді.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, 1 градус үсік болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік болады деп күтіледі.

РЕКЛАМА

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз таулы асуларда 25 м/с жетеді. Түркістанда шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Түнде өңірдің батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын болады, өңірдің солтүстік-шығысында, шығыста, күндіз солтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Өскеменде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді.

Түнде Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Павлодарда түнде топырақ беті қатып, 3 градус үсік болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста 25 м/с жетеді. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді.

 

Другие новости

Back to top button