Мангистауская область

Бейнеуде 20 жылда 200 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Ол биылғы жылдың ақпан айында ойын клубын өртеп жіберген болатын

Бейнеуде 20 жылда 200 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Beyneutoday хабарлауынша, Бейнеу тұрғыны биылғы жылдың ақпан айында бензин шашып, ойын клубын өртеп жіберген. Ер адам болған оқиғаның барлығын видеоға түсіріп алған.

Кейін ол 20 жыл бойы құмар ойынға тәуелділіктен зардап шеккенін және осы жылдар ішінде шамамен 200 миллион теңге жұмсағанын мойындады.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, «Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірді» деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ  «жүкті әйелі, төрт баласы және кінәсін мойындау» сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жаза шартты түрде қалдырылды.

 

Другие новости

Back to top button