Госорганы

«Беделді тұлғалардың есімін атады»: Мұрат Әбеновке алаяқтар ҰҚК атынан хабарласқан

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновке ҰҚК қызметкері атынан алаяқтар хабарласқан. Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Менімен ҰҚК капитаны Станислав Зрейнов байланысқа шықты. Ол өзін осылай таныстырып, куәлігінің көшірмесін көрсетті. Станислав Дмитриевич маған әкесінің аты бойынша ресми түрде жүгінді. Менің жеке нөмірімді әріптестерімнен алғанын айтып, беделді тұлғалардың есімдерін атады», — дейді депутат.

Оның айтуынша, бірнеше сөз тіркестері арқылы қарым-қатынас стилі өте оғаш болып көрінген.

«Ксива», «оперлар көтеріледі», «мазақ қылады» деген сөздерден кейін сақ бола бастадым. Сөйтіп, ҰҚК капитаны бірнеше сөйлемнен кейін дөрекі сөйлей бастады. Мен оған нақтылайтын сұрақтар қоя бердім,  20 минуттан кейін ол жоғалды. Мен жазған соңғы хатты да жауапсыз қалдырды. Байланыс неге үзілгенін білмеймін. Мусин кеткеннен кейін интернет сізде де нашарлап қалған шығар», — дейді Әбенов.

Осыған дейін алаяқтар Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың атынан одаққа мүше журналистерге хабарласқан болатын.

Другие новости

Back to top button