Актюбинская область

«Бауырымды ұрып өлтірді»: Ақтөбеде оқушының өліміне қатысты істе күдікті ұсталды

Бірнеше күн бұрын Ақтөбедегі олимпиадалық резерв мектебі-колледжінде 14 жастағы оқушы есінен танып көз жұмған еді. Сол оқиға бойынша бір күдіктінің қамауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға қалай болды?

11 сәуірде Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған интернат-колледжінде 8-ші сынып оқушысы есінен танып қалған. Келген жедел жәрдем қызметі оны құтқара алмай, жас бала ажал құшты. Сол кезде полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланған еді.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, полиция бір күдіктіні қамауға алған. Күдіктінің ұсталғанынан басқа ақпаратты құзырлы орган таратқан жоқ.

Баланың туыстарының жазбасы

Әлеуметтік желіге баланың ағасы жазды делінген (пост авторы көрсетілмеген – бір жерде Мұсағали Дауылов атты азамат таратады) жазба тараған еді. Ол жазбада туыстары баланың өліміне жоғарғы сынып оқушыларын кінәлайды.

– Бексұлтан Әбубәкір бауырымды жоғары сыныптың оқушылары ұрып өлтірді. Сол күні кешке бауырларым бөлмелерді жинамағаны үшін дедовщинаға ұшыраған. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен тоғызыншы сынып оқушылары ұрған. Артынша, оныншы сынып оқушысы бетінен тағы екі соққы жасаған. Кеудесінен де. Қатты соққыдан бауырым еденге құлап, есінен танып қалады. Бексұлтан ұрып-соққаннан көз жұмды, — деп жазады пост авторы.

Ал мектеп басшылығы сол күні кезекшілік еткен бапкерді де полицияға алып кеткенін хабарлайды.

Другие новости

Back to top button