ГлавноеСпорт

Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасына оралды

Соңғы рет Бауыржан құрама сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь құрамасына қарсы матчта өнер көрсетті

Бауыржан Исламхан қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб әмірліктерімен өтетін матчтарға Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталды. Кәсіби командамен жаттығуды қайта бастау мүмкіндігін растайтын құжаттар алынды.

Айта кетері, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Бауыржан Исламханмен бір ай бойы жаттығу жасап, ойыншыны Алматыдағы оқу-жаттығу жиынына шақыру туралы шешім қабылдаған болатын.

«Бауыржанның таланты бар, тәжірибелі. Алдағы оқу-жаттығу жиынында оның физикалық жағдайына назар аударамын. Исламхан екі жыл бойы матчтық жаттығуларға қатыспады. Бұл ұзақ уақыт», — деп түсіндірді ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев.

Исламхан Қазақстан құрамасының сапында алғашқы ойынын 2012 жылы 29 ақпанда Латвия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ол ұлттық құрамада барлығы 46 ойын өткізіп, үш гол соқты.

Соңғы рет Бауыржан Қазақстан құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь құрамасына қарсы ойында өнер көрсетті.

Другие новости

Back to top button