Батыс Қазақстан әкімі жылына 100 млн жұмсалатын резиденцияда тұрады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы президент резиденциясында ешкім тұрмайды деген журналистердің нұсқасын жоққа шығарды. Сән-салтанатты апартамент мақсаты бойынша қажет болмаған кезде әкім отбасымен сол жерде тұрады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Батыс Қазақстан әкімі Нариман Төреғалиев президент резиденциясы өз мақсаты бойынша қажет болмаған кезде онда өзі тұратынын айтты.
Әуелде тілшілер өңір басшысының баспасөз конференциясы кезінде “Оралдағы президент резиденциясы Қазақстанның бірқатар аймағындағыдай әлеуметтік нысан ретінде пайдалануға беріле ме” деп сұрады. Сонымен қатар БАҚ өкілдері Төреғалиевке ешкім тұрмайтын ғимаратқа жыл сайын 100 млн теңге бөлу қаншалықты орынды деген сұрақ қойды. Осы кезде президент резиденциясында Батыс Қазақстан әкімі отбасымен тұратыны анықталды. Нариман Төреғалиев бұл жайтқа Оралда баспанасы жоқ екені себеп деп түсіндірді. Батыс Қазақстан облысы тумасы болса да, көп жылдан бері осы өңірде жұмыс істегеніне қарамастан әкім үйсіз-күйсіз жүрген екен.
Ары қарай сұрақтан қашқан ол президент резиденциясының коммуналдық шығындарының бәрін өзі төлейтінін атап өтті.
Оралдағы ғимарат әлеуметтік қажеттілікке берілмейтін болды.
“Бұл заңнамада қарастырылған ерекше тәртібі бар маңызды нысан. Ғимаратты сатып, ол ақшаға жағдайы нашар адамдарға пәтер алуға келер болсақ, ол менің құзыретіме кірмейді. Бұл ғимарат мемлекеттік тұлғаларға арналған, олар келсе қайда апарамыз?Резиденция ғимаратын беру әзірге жоспарда жоқ”, – деді Батыс Қазақстан облысы әкімі.
Бұған дейін Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын президент әкімшілігіне бергенін хабарлаған едік.