Северо-Казахстанская область
«Басынан ұрған». СҚО-да түрмеде жазасын өтеп жатқан адам мерт болды

9 қарашада СҚО Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде 1994 және 1976 жылғы сотталғандар арасында жанжал орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзара айтыс-тартыс кезінде олардың бірі екіншісінің басына қатты соққы жасаған.
1976 жылғы жәбірленуші Айыртау ауданындағы орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, алайда ол есін жимастан көз жұмды. Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру) тіркелді.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу әрекеттері қолға алынды.