Басым көпшілігі қалада тұрады – Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер жарияланды
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы 1 желтоқсандағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 1 желтоқсанда 20 миллион 265 мың 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 231 мың 478 адамға өскен. Табиғи өсім 217 мың 133 адам., таза көші-қон – 14 мың 345 адам болды.
Қазақстанда миллионнан астам халқы бар үш қала: Алматы – 2 миллион 286 мың 328 адам, Астана – 1 миллион 520 мың 756 адам және Шымкент 1 миллион 253 мың 280 адам.
Миллионнан астам тұрғыны бар облыстарға: Түркістан (2 миллион 154 мың 304 адам), Алматы (1 милллион 557 мың 932 адам), Жамбыл (1 миллион 222 мың 411 адам) және Қарағанды (1 миллион 134 мың 002 адам) кіреді.
Қазақстандықтардың басым бөлігі қала тұрғындары – 12 миллион 629 мың 615 адам. Ал ауылдық жерлерде 7 миллион 519 мың 966 адам тұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқының саны 1 шілдедегі жағдай бойынша 20 159 707 адам болғаны туралы жазған едік.