Госорганы

Басқарушы холдингтердің қызметі ашық емес – Жоғары аудиторлық палата

Ұлттық холдингтер мен компаниялар жалпымемлекеттік міндеттерді шешуден бас тартуын тоқтатын кез келді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Квазимемлекеттік сектор – мемлекеттік саясаттың ажырамас жолсерігі. Ұлттық холдингтер мен компаниялар бұл жайды қабылдап, жалпымемлекеттік міндеттерді шешуден бас тартуын тоқтатын кез келді. Ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттік қолдау нәтиже беруі керек. Ұлттық холдингтер жаңа форматта экономиканың нақты секторын дамытуда көшбасшы болуға қабілетті. Ал олардың дивидендтік және борыштық саясаты мемлекеттің қатаң бақылауында болуға тиіс. Қазір борыштық жүктеме өсуде, ал дивидендтер республикалық бюджет кірістерінің шамалы бөлігін құрайды», — деді палата төрағасы.

Оның атап өтуінше, басқарушы холдингтердің қызметі ашық емес. Олар Парламентке мүлде есеп бермейді.

«Бұл сіздердің назарларыңызды аударатын тұжырымдамалық жағдайлар және біздің ойымызша осы резервтерді пайдалану нәтижелерді басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді Барлық анықталған мәселелер бойынша біз тиісті ұсынымдар әзірледік, олар қорытындыда атап көрсетілді. Бюджеттік процестерді жетілдіру мәселелерінде Үкіметпен және өңірлермен бірлескен жұмыс жалғасады», — Наталья Годунова.

Другие новости

Back to top button