ГлавноеГосорганы

Бас прокуратура еліміздегі ең көп ұрлық жасалатын өңірлерді атады

Биыл республикада ұрлық дерегі 28 пайызға төмендеген

Қазақстанда биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы 42 752 іс жасалса, биыл қылмыс саны біршама азайып, 30 173 іс тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сүйенсек, аймақ бойынша ұрлық ең көп ұрлық дерегі Алматы қаласында тіркелген.

Атап айтқанда:

  • Алматы қаласы – 7154;
  • Астана қаласы – 3541;
  • Алматы облысы – 2197;
  • Қарағанды облысы – 2114;
  • Қостанай облысы – 1519;
  • Ақтөбе облысы – 1413;
  • Шымкент қаласы – 1447.

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың басым бөлігі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы қаласы – 2287;
  • Астана қаласы – 844;
  • Алматы облысы – 576;
  • Қарағанды облысы – 527;
  • Ақтөбе облысы – 424;
  • Абай облысы – 431;
  • Шымкент қаласы – 467.

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.

Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы облысы – 172;
  • Батыс Қазақстан облысы– 124;
  • Түркістан облысы – 124;
  • Жетісу облысы – 93;
  • Жамбыл облысы – 68;
  • Абай – 66.

Другие новости

Back to top button