Госорганы

«Бас-аяғы 1 млн адам оқиды»: Қазақстан мемқызметкерлерінің бәріне жасанды интеллектіні үйретпек

Қазақстан алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлерді толық қамтығанда, 1 млн адамға жасанды интеллектіні оқытпақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Digital Almaty 2025: Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» халықаралық цифрлық форумында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Форумда премьер-министр Олжас Бектенов сөз сөйлеген. Ол өз баяндамасында Олжас Бектенов Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысты жасанды интеллектінің даму факторларына тоқталған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аlem.АІ халықаралық жасанды интеллект орталығының негізінде құзіреттер экожүйесін құру бастамасын көтерді. Ол биыл Астанада ашылады. Бұл бір алаңда жетекші IT-компанияларды, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін білім беру бағдарламаларын біріктіруге мүмкіндік береді», — деген Бектенов.

Жалпы, үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстандағы ендігі стратегиялық басым міндеттің бірі — жасанды интеллект саласында мамандар даярлау.

«Алдағы 5 жылда мемлекеттік қызметкерлермен толық қамти отырып, 1 млн адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл бағытта жұмыстар басталып кеткен», — деп хабарлайды үкімет.

Другие новости

Back to top button