Главное

«Бәрінің үні өшті»: Шымкентте қобыз тартатын халық емшісі сотты «дуалап» тастаған (ВИДЕО)

Қобызбен адам емдейтін Таңшолпан Ұзақова судьяның сыртынан оқып, «дуалап» тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода емші соттылық бойынша көмек сұраған әйелдің мәселесін бір күнде шешіп тастағанын айтқан.

«Үш күн бұрын сот жайлы проблемамен келді. Өзінің аяғы ауыр, өте тығыз шаруа деді. Бір күннің ішінде бүкіл жұмысты тастап осыған кіріскен болатынмын. Бүгін нәтижесін айтып отыр», — деді Таңшолпан Ұзақова.

Оған жүгінген әйел сотта болған оқиғаны баяндап, судьяның жұмсарып қалғанын айтты.

«21 мамырда сот болды. Сотта маған қарсы адамдарды тіпті танымай қалдым. Үндері өшіп қалған. Соттың өзі маған тіке қарай алмай қалды. Адвокаттар жақтап, жақсы жағынан шешілді. Енді 29-да тағы бір сот болады. Ақталып шығамыз, рахмет сізге», — деді ол.

Шымкенттік емші интернет арқылы да қабылдайды екен. Оның бір сеансы 5 мың теңге тұрады.

Серіктес жаңалықтары

«Қойдың басын алып кел деді»: Қобызбен адам емдеп жүрген емші желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Ермахан Ибраимов Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше биімен көзге түсті

Другие новости

Back to top button