Главное

Бәріне қатысты: Қазақстанда салықтың жаңа түрі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда экологиялық емес қаптамаға «жасыл» салық енгізілуі мүмкін. Бұл бастаманы мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат елімізде қоқыс полигондарынан бас тартып, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесіне көшу қажет екенін айтты. Ол үшін сұрыптауға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрумен қатар, экологиялық зиянды қаптамаға салық салуды ұсынды.

— Біз қалдықтарды басқаруға қатысты жеке заң жобасын әзірлеуді ұсынамыз. Онда өкілеттіктер, жауапкершілік, стандарттар, инфрақұрылым талаптары мен мемлекеттік ынталандыру тетіктері жүйеленуі керек. Сонымен қатар, экологиялық зиянды қаптамаға «жасыл» салық енгізіп, одан түскен қаражатты қайта өңдеу саласын дамытуға бағыттауға болады, – деді депутат Сағандықова.

Ал экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев бұл салықтың енгізілуі туралы нақты жауап берген жоқ. Оның айтуынша, мұндай бастама барлық салаларға әсер ететіндіктен, жан-жақты талдау қажет. Ол салық енгізілген жағдайда тауар бағасына тікелей ықпал ететіні сөзсіз екенін атап өтті.

Другие новости

Back to top button