Шымкент

«Бәрі Instagram-нан басталды»: Шымкент тұрғыны полицейдің үстінен арызданды

Оның сөзінше, полиция қызметкері келіншекті қызметтегі көлігімен соғып кеткен

Шымкенттік тұрғын өзін полиция қызметкері ұрып соқты деп арызданды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қала тұрғыны Мәдинаның (аты өзгертілген) айтуынша, 2 маусым күні оны полицей мен туысы жұмыс орынында соққыға жыққан. Оның сөзінше, полиция қызметкері бұдан соң келіншекті қызметтегі көлігімен соғып кеткен. Қазіргі уақытта бірнеше жерінен жарақат алған Мәдинаның денесі көгеріп қалған.

«Барлығы Instagram-нан басталды. Мен оның келіншегін білмеймін. Менің парақшама фейк аккаунты арқылы тіркелген. Жақында туған күнім болған еді. Суретте одан басқа да әріптестерім болған. Осы суретті әйелі көріп, шу шығарған. «Осы отбасылық мәселелерің үшін мені көлікпен қағып кеттің бе? Дедім», дейді жәбірленуші.

Осы оқиғадан соң келіншек полицияға арызданып, жарақаттарын тіркеген. Іс «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамай, тіпті кешірім де сұрамаған.

«Тек маған қарап жымиып тұрды. Күні кеше сотта өтірік сөйледі. Естігендеріме таңғалдым. Ойынан құрастырып тұрды. Маған хабарласып, шақырды дейді. Мен одан дәлелің бар ма деп сұрадым. Пайымдауымша, адвокаттардан кеңес алып, жағдайдың өз пайдасына оңды шешілуін сұраған. Өйткені дәл сол күні оның басшылығы маған келіп, арыз жазбауымды өтінген болатын. Ойлаңызшы, қызметкер өзінің қызметтік көлігімен мұндай әрекет жасауы барып тұрған сорақылық емес пе?», дейді Мәдина.

Жәбірленушінің айтуынша, бұл жағдайға оның полиция қызметкерімен бірге түскен суреті себеп болған. Адвокат Әлімжан Сартбай бұл істе сәйкес келмейтін тұстар көп екенін айтады. Сондықтан да ол полиция департаментінің басшылығына жүгінген екен. Дегенмен ешқандай нәтиже болмай тұр. Себебі айыпталушы әлі бұрынғы қызметінде жүр.

Другие новости

Back to top button