Главное
«Бақытты болыңдар, алтындарым!»: Димаштың қарындасы мен күйеу баласы ерекше киімде көзге түсті (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген күйеу жігітімен бірге кең далада фотосессияға түсіп, оны көпке көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Раушан мен оның болашақ күйеуі Ермахан Аймахан екеуі жаздың басында Алматы облысының көрікті жерлерінде фотосессияға түсетіндерін айтқан еді.
Күні кеше Раушан фотосессияның суреттері мен видеоларын жариялап, қуанышты сәттерін көрсетті. Оны ағасы Димаш Құдайберген қолдап, тілегін арнаған.
«Бақытты болыңдар, алтындарым!», — деп жазды Димаш.
Айта кетейік, мамыр айының ортасында әлеуметтік желіде атақты әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салған еді. Кейін Раушан Құдайбергеннің таңдауы қандай жігітке түскені белгілі болған.