Шаңырақ

«Бақытты болмауы керек пе»: Ақбота Сейітмағамбет ажырасқан әйелдерге кеңес берді

Өз некесі сәтсіз аяқталып, бүгінде қос перзентін тәрбиелеп отырған Ақбота Сейітмағамбет ажырасқан әйелдерге өз ақыл-кеңесін айтты. Өнер иесі бұл өмірде әркім бақытты болуға лайық екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өзі де некесі сәтсіз аяқталғандықтан ажырасқан әйелдерді жақсы түсінетінін жеткізді. Сөзінше, ажырасумен өмір тоқтап қалмайды. Әнші қайта тұрмысқа шығуға қатысты өз пікірін білдіріп, қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін айтты.

«Ажырасса, баласы бар болса, әйел заты әрі қарай бақытты болмауы керек пе? Өмір сонымен аяқталып, бақытты болудың мүмкіндіктері түгесіліп қалмайды ғой. Сізге айтарым, бұрынғыдан әдемі өмір сүруге, дұрыс таңдау жасап, сүйікті болуға одан сайын құлшыныңыз! Қадіріңізді білетін азаматқа жолықсаңыз, еңсеңізді көтеріп, сізге қорған болады, өткен күндерге деген өкінішіңіздің орнын толтырады.

Сізді бағалайтын адам 5 балаңыз болса да, қабылдайды. Демек өзіңізге уайымды үйіп төкпей, өмірге көзқарасыңызды өзгертіңіз. Әрбір жан жақсы өмірге лайық. Ең бастысы, өткен күннен сабақ алып, өзіңізді дамытыңыз, өсіңіз, ізденіңіз, бір орында тұрып қалмаңыз. Ажырасу сіз үшін тіршіліктің аяқталуы емес, жаңаша талпыныс пен жаңаша өмір бастауы деп ұғыныңыз», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Другие новости

Back to top button