ГлавноеГосорганы

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласындағы №2 сотта Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысында «Менің бұл қылмыстық оқиғаға қатысым болған жоқ. Осы іс бойынша заңға сәйкес ақтау үкімі шығарылуы мүмкін», -деді Бақытгүл Хаменова.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Ал, 11 тамызда Атыраудағы №2 қалалық сотта Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы басталды. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Алғашқы сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Прокуратура өкілі Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынғанын жазған едік.

Сот отырысында прокуроратура өкілі Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.

«Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын», -деді Лаура Асанова.

Другие новости

Back to top button