Госорганы

«БАҚ-тың 85 пайызы — тәуелсіз»: Ысқақов журналистерге ерекше мәртебе беру жайлы

Ол өңірлік БАҚ-тың сапасы жайлы да сөз қозғады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бізде әр кездесуде әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің 85 пайызы — тәуелсіз. Қалған 15 пайызында мемлекеттің үлесі бар. Ұстаздармен салыстырсақ, педагогтар азаматтық қызметкерлер. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Ал журналистердің басым бөлігі — тәуелсіз. Сондықтан оларға ерекше статус беру әлеуметтік жағынан артық. БАҚ өкілдері кәсіпкерліктің бір түрі. Оларға тікелей ақша берсек, заңнамаға қайшы келеді. Дегенмен өңірлерде мемлекетке қарасты БАҚ өкілдерінің жалақысы өте аз», — деді ол.

Ысқақов атағандай, гранттық қаржыландыру енгізгенде тарифтер көтеріледі.

«Кез келген жергілікті атқарушы орган ақпараттық тапсырыс жасаған кезде осы тарифтерді көтеруге толық мүмкіндігі бар. Біз орталық уәкілетті орган ретінде жалпы ұсыныс береміз. Яғни, заңнаманы бекітеміз. Ал жергілікті органдар оны жүзеге асырады. Кейбір өңірлік баспалардың сапасы сын көтермейді. Оны ашық айтайық. Оны ешкім оқымайды. Ол жердегі материалдар кеш шығады. Мазмұны жағынан да әлсіз. Сондықтан тұтынушылар үшін кейбір баспалар қызық емес. Барлығы емес, бірақ 15-20 пайызы осындай. Әлеуметтік жағынан кірісті көтері үшін сапа жақсы болуы керек», — деді ол.

Ысқақов баспасөз картасын енгізу кезінде ұсыныстар енгізу қарастырылғанын айтты.

«Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге БАҚ өкілдері бойынша журналистерді тәуелді ету деп ойлайды», — деді ол.

Другие новости

Back to top button