Главное

Балиде өлім жазасына кесілуі мүмкін екі қазақстандық туралы тың деректер шықты

Индонезияның Бали аралында метамфетамин таратпақ болды деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

TheBalimedia мәліметінше,екі қазақстандық Гианьяр қаласында 30 пакет метамфетаминді алып жүрген жерінен ұсталды. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл синтетикалық есірткі аралда тұратын шетелдік азаматтарға таратылмақ болған.

Күдіктілер GT (28 жаста) және IM (35 жаста) деп көрсетілген азаматтар 2025 жылғы 11 сәуірде Сукавати аймағындағы Деса-Батуан ауылында Бали есірткімен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің (BNNP Bali) арнайы операциясы барысында қолға түскен.

КӨШЕДЕГІ КҮМӘНДІ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КӨЗГЕ ТҮСКЕН

BNNP Bali мәліметінше, оқиға жергілікті тұрғындардың осы маңда есірткі таратумен айналысатын шетелдіктер бар деген хабарламасынан кейін басталған. Офицерлер күдіктілерді бақылауға алып, жол жиегінде күмәнді әрекет жасап жүрген екі ер адамды байқаған. Олардың бірі мотоциклден түсіп, жол шетінде әлденені іздеген, екіншісі моторы қосулы тұрған мотоциклде отырған.

— Олардың оғаш әрекеттері біздің қызметкерлерді дереу әрекет етуге итермеледі, деді 13 мамырда жарияланған мәлімдемесінде BNNP Бали бөлімінің басшысы, бригадалық генерал Руди Ахмад Судраджат.

РЕСЕЙМЕН БАЙЛАНЫС

Алғашқы тергеу нәтижелері бойынша, екі қазақстандық Ресейде орналасқан ірі халықаралық есірткі желісінің қарапайым мүшелері болған және есірткіні Бали аралындағы өзге шетелдіктер арасында таратуды көздеген. Құқық қорғау органдары қара лентамен және пластикпен оралған 30 кішігірім пакет метамфетаминді тәркілеген. Жалпы салмағы — 49,18 грамм.

“ЗЛО” ДЕГЕН КІМ

Тергеу барысында күдіктілер есірткіні «ЗЛО» деген бүркеншік атпен белгілі адамның тапсырмасымен таратпақ болғандарын айтқан. Ол әлі бостандықта және Индонезиядан тыс жерде болуы мүмкін.

— Күдіктілердің айтуынша, есірткілер жақын маңдағы аймақтарда таратылуы керек болған, ал бұл әрекеттерді ЗЛО есімді адам үйлестірген. Қазір біздің арнайы топ оны іздеп жатыр, — деді Руди Ахмад Судраджат.

Қазір «ЗЛО» халықаралық іздеуде, оның нақты қайда екені анықталып жатыр.

20 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Қазіргі уақытта екі күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Оларға Индонезияның 2009 жылғы №35 «Есірткі туралы» заңының 112(2)-бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Индонезияда Қазақстанның екі азаматы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Сәуір мен маусым аралығында Индонезияда жүргізілген ауқымды есірткіге қарсы операция барысында 285 адам ұсталды. Олардың қатарында 29 әйел мен жеті шетелдік бар. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Другие новости

Back to top button