Главное

Балғалаған, ұрған, өртеген: полиция Қазақстан түрмесіндегі адам шошырлық кадрларды көрсетті (ВИДЕО)

2024 жылы заңға өзгеріс еніп, енді түрмедегі бақылау камераларын әдейі сындырған азаматтар қосымша жаза арқалайтын болған. Заң қабылданғаннан бері Қазақстан бойынша осындай 49 факт тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталған азаматтар түрмедегі камераларды сындырғаны үшін қосымша жаза арқалайды

Ішкі істер министрлігі әртүрлі қамау мекемелерінің бақылау камераларынан алынған бірнеше кадрды жария етті. Байқап отырғанымыздай, сотталған адамның бірі камераны балғаласа, бірі оны өртеп жібермек болған.

«Былтыр тамыз айында Қостанай соты №76 колониядағы бейнебақылау камерасын қасақана бұзған сотталушының мерзіміне тағы бір жыл қосты. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облысының колонияларының бірінде сотталған адам бірнеше камераны бүлдіргені үшін қосымша 1,5 жыл арқалады», — деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Другие новости

Back to top button