Балаларына 23 млн қарыз: Марат Әйтеновтың қымбат көлігі тәркіленді
Жеке сот орындаушысы Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновтың алимент бойынша қарызына байланысты қымбат көлігін тәркіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Астана қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы таратқан хабарламаға қарағанда, көлік үш балаға алиментті өндіру ісін орындау бойынша айыппұл тұрағына қойылған.
Әйтеновтың балаларының алдындағы қарызы 23 млн теңгеден асқан.
“Аталған автокөлік балалардың алдындағы борышты өтеу үшін электрондық сауда арқылы сатылады” делінген хабарламада
Көлікті сатудан түскен қаржы балаларына берілмек.
Айыпкердің бұрынғы әйелі Дана Әтешова экс-күйеуі осы көлікті жасырып жүргенін, ол жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен ауыз жаласқандықтан, одан көлікті алып қою туралы бұйрықты жеткізбей жүргенін желіде айтқан.
ӘЙТЕНОВ-ӘТЕШОВ ДАУЫ
Өткен жылдан бері БАҚ беттерінде Әйтенов-Әтешова оқиғасы қызу талқыланды. Мұның бәрі Қазақстанның беделді азаматының бұрынғы әйелі Жоғарғы сот маңындағы пикетке шыққан кезде басталды. Ол Есіл аудандық соты балаларының әкесін заң бойынша алимент төлеуге міндеттемегенін баяндаған. Дана Әтешова мұндай шешімге бұрынғы күйеуінің Шымкенттің бұрынғы әкімімен қарым-қатынасы себеп болғанын айтты.
Кейін Әтешова журналистерге Әйтеновпен бірге тұрған тоғыз жыл ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да айтты.
Биыл баспасөз мәслихатында ол Әйтеновтің балаларына қатыгездікпен қарағанын, алимент толық төлемеу үшін табысын жасырғанын мәлімдеді. Содан кейін оның балаларымен бірге үйден шығарылатыны белгілі болды.
Д.Әтешова Парасат, көшесіндегі №16-үй үшінші тұлғаға ресми түрде ғана берілгенін, ал шын мәнінде ол Әйтеновке тиесілі және оның басқа да көптеген жылжымайтын мүлкі бар екенін айтады. Шілденің 12-сі күні Қазнет желісінде айғай-шу аралас және балалардың жылағанына қарамастан көшіргені туралы даулы видеолар тарады.
Әйтеновтің полицейлердің көзінше әйелді еденнен сүйреп өткеніне жұртшылықтың ашуын туғызды. Айқайдан кейін ол әкімшілік іс бойынша қамауға алынып, кейін қылмыстық іс қозғалды.
15 шілде күні Ulysmedia басылымының бас редакторы Самал Ибраева Дана Әтешовамен жан-жақты сұхбат жүргізді. Әйел жанжалдың өз нұсқасын айтты.
Студияға кикілжіңнің екінші жағы – Марат Әйтеновті де шақырылған.
Бұл дауда сот шешіміміне Әйтенов жеңіп шықты. 23 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің әйелі Дана Әтешоваға 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды. Сот Әтешованы үйден мәжбүрлеп шығару барысында үй иесіне қарсылық көрсетіп, бүрынғы күйеуін үйге кіргізбей, қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған деді.