Госорганы

Балалары байланыса алмай отыр: Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйлар ұсталды

Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйлар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл жөнінде олардың ұлы Ратмир мәлім етті.

«Кеше кешкі сағат жетіде Dostyk Plaza сауда орталығында ата-анамды менің және бауырларымның көзінше ұстап әкетті. Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті», – деді журналистердің ұлы Ратмир Михаил Козачковтың Telegram-каналында жарияланған бейнеүндеуінде.

Хабарланғандай, Владимир мен Наргиз адам бопсалады деген күдікке ілінген, тергеуді Алматы полиция департаменті жүргізіп жатыр. Журналистердің ұлының айтуынша, қазір олардың отбасымен байланысуға мүмкіндік жоқ, өйткені телефондары тәркіленген.

Бұл ақпаратты Алматы полиция департаменті растады.

“Алматыда жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған С. тегіндегі ерлі-зайыпты ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.

БАҚ болжамынша, Северныйлар Қорғаныс министрлігіне қатысты сыни жарияланымдарына байланысты қамауға алынған болуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button