ГлавноеСоциум

«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша балалардың есепшотына жыл сайын 74 мың теңге аударылуы мүмкін

«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша қазақстандық балалардың есепшотына жыл сайын кемінде 74 мың теңге аударылуы мүмкін.

▪️ ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәліметтері бойынша 0-17 жас аралығындағы балалар саны 6 миллион 300 мың адамды құрайды.

▪️ Ағымдағы жылдың шілде айының соңында Ұлттық қордың активтері 29,5 триллион теңгені құрады.

▪️ Ұлттық қордың құрылу басынан бастап ағымдағы жылдың шілдесіне дейінгі орташа жылдық кіріс 3,17%, соңғы 5 және 10 жылда – тиісінше жылдық мәнде 1,70% және 1,67% құраған.

Ұлттық қордың орташа жылдық инвестициялық кірісі жылына 935 млрд теңгені құрауы мүмкін.

Осылайша, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматы «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша инвестициялық кірістің 50 пайызын аударған кезде оның есепшотына жыл сайын 74 241 теңге түсе алады.

Дереккөз: BILIMNEWS

Другие новости

Back to top button