Выбор редакцииИнтервью

«Бала мүгедек болып қалуы мүмкін»: қызылша ауруы асқынса салдары қандай?

Ауру асқынса өлімге де алып келеді

Қызылша асқынған кезде салдары ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Қанат Өмірбайұлы «Basty bailyq» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қызылша ауруы асқынуымен қауіпті. Себебі асқынулар отит, конъюнктевит сынды дертке алып келеді. Отит саңырауқұлаққа, конъюнктевит көзің көрмеуіне алып келуі мүмкін. Менингит, энцефалит болуы да ғажап емес. Бала мүгедек болып қалуы, тіпті өлімге де апаруы мүмкін. Қауіпті аймақта 5 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер тұр. Жүкті әйелдердің түсік тастауы немесе патологиямен баланы дүниеге әкелу ықтималдығы бар», — деді Қанат Өмірбайұлы.

Другие новости

Back to top button