Баянауылдағы өртті сөндіруге қорғаныс министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды
Павлодар облысы Баяеауыл ауданындағы өртті сөндіруге қорғаныс инистрлігінің ұшақтары тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ХАБАРЛАМА
“Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді. Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді” делінген хабарламада.
10 МЫІҢ ГЕКТАР ОҚШАУЛАНДЫ
ТЖМ министрлігі кеше Баянауыл ауданындағы дала өртінің 10 мың гектар аумағы оқшауланғанын хабарлаған. Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қаласынан, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысқан.
ӘКІМ КҮДІГІ
Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Баянауыл ауданындағы өртке шөп шауып жүрген шаруа қожалық иелері кінәлі болуы мүмкін екенін айтқан.
“Мұндай өрттердің негізгі себептерінің бірі – шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуі. Сондықтан, барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ, өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын” делінген әкім мәлімдемесінде.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Дала өрті Қарағанды облысын да шарпыды. ТЖМ кеше кешке таратқан мағлұматында бұл аймақта дала өртінің ауданы 35 гектерден асқанын хабарлаған.
ӨРТ СӨНДІРУДЕГІ ҚИЫНДЫҚ
Министрлік хабарлағандай, қазіргі уақытта вице-министр Ерлан Нұрпейісов Қарағанды облысында жүр.
“Ашық аумақта алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда” делінген хабарламада.
ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Қарағандыдағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.
2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.
Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.