Культура

Баян Мақсатқызы үшінші рет әже атанды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы үшінші рет әже атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек қыз босанды.

“Бақыт! Бақыт! Бақыт! Менің қызым үшінші рет ана атанды. Қызды болдық”, – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары жас әжені құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Қызыңыздың аман-есен жаны қалғаны құтты болсын!”, “Қандай керемет жаңалық”, “Бауы берік болсын!”, “Қош келдің, ханшайым!”, – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек «қыз туа бересің» дегендерге жауап берген еді.

“Аман-есен үшіншісін дүниеге әкелейін. Әзірге төртіншісін жоспарламаймыз. Бізге баланың жынысы маңызды емес. Егер ұлды болсақ өте жақсы. Қызды болсақ та ренішіміз жоқ. Күйеуім екеумізге ортағасырлық көзқараспен өмір сүру – жат. Әсіресе “Саған ұл керек” деп әйелдер көп жазады. Мен соған ренжеймін. Біз неге өзімізді жақсы көрмейміз. Тіпті біз кімді қалайтынымыз басқа әйелді неге қызықтыруы керек. Ол Құдайдан да күшті біле ме?! Мен қыздарымды жақсы көремін. Олардан басқа ештеңе асқан күшті емес”, – деп жазды блогер.

Еске салайық, «Өміріме өзгеріс енгенін қаладым» деген Баян Мақсатқызы ұл баланың анасы атанғысы келетінін жасырмаған еді.

 

Другие новости

Back to top button