Главное

Баян Алагөзованың күйеу баласы өмірден өтті

Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өтті , деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы хабарды балдызы Баян Мақсатқызы айтты.

Бүгін біз Адиктен айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жанымыз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол! – деп жазды Баян Алагөзова.

Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясындағы белгілі продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.

Другие новости

Back to top button