Госорганы

Бағдат Мусин нашар мобильді байланыс үшін өзі жауап беретінін айтты

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин компанияға қарасты болса, нашар байланыс үшін жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда үш мобильді оператор жұмыс істейді. «Қазақтелекомға» тиесілі мобильді операторлар үшін біз жауап береміз. «Kcell» акционерлік қоғамында өзінің менеджменті бар. Директорлар кеңесі бар. Біз «Қазақтелеком» компаниялар тобы ретінде басқарамыз. Бірақ операциялық тұрғыда біз басқаруға араласпаймыз. Бірақ мен өзімнен жауапкершілікті алмаймын. Осыған дейін жіберілген қателер мен қазіргі проблемаларды шешу керек. «Қазақтелекомның» өзінде де проблема жеткілікті болды. Ол мәселелер қазір жойылды», — дейді Мусин.

Другие новости

Back to top button