Госорганы

Бағдат Мусин балаларға арналған SIM-карта енгізу туралы айтты

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин балаларды қауіпсіз интернетпен қамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларды қауіпсіз интернетпен қамтудың әртүрлі нұсқаcы бар. Біз оларды зерттейміз. Қауіпсіз интернет дегеніміз балаларға қажет емес дерек көздері мен сайттарды бұғаттап, керегін ғана қалдыру. Біз бағытта жоспарымыз бар. Тариф ұялы байланыс операторлары арқылы жүзеге асырылады», — деді Бағдар Мусин Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бүгінде түрлі мобильді тарифтік жоспарлар бар, дегенмен жаңа әрі тиімдер тариф артық етпейді.

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған SIM-карта енгізу туралы ұсыныс тастаған еді.

«Біз бабаларға арналған SIM-карта ұсынып отырмыз. Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе, ол карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектей аламыз. Кейде бала түн ортасында интернетте отыратын жайттар болады», — деген еді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

 

Другие новости

Back to top button