БАӘ жұмысқа қабылдау жүргізіп жатыр

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi PortsCompany арасындағы келісім аясында Abu Dhabi Portsкомпаниялар тобы қазақстандық мамандарды жұмысқақабылдау үшін іріктей бастайды.
Abu Dhabi Ports Company – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіп және логистика саласындағы ірі операторы. Компания порттар мен терминалдарға (контейнерлер, жалпы жүктер, Ро-Ро, круиз) иелік етіп, олардың жұмысын басқарады.
Үміткерлер 2023 жылғы 29 қыркүйектен бастап 35 мамандық бойынша конкурс арқылы қабылданады: боцман, механик, электрик, дәнекерлеуші, сылақшы, теңізші, құммен тазалаушы, дайвинг жөніндегісупервайзер, инженер және т.б.. Іріктеу Маңғыстауоблысының тұрғындары арасында мамандық иелерініңкәсіби ерекшелігіне қарай өткізіледі.
Үміткерлердің білімі, мамандығы, кәсібидағдылары және жұмыс тәжірибесі компанияныңбіліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Конкурсқақатысушылар ағылшын тілін білуі керек.
Байқауды Samruk Business Academy ұйымдастырады. Үміткерлер 29 қыркүйектен бастапQSamruk.kz платформасына тіркеліп, өтінім береалады.
Іріктеуге Abu Dhabi Ports Company өкілдері қатысады. Сынақтан сәтті өткендер ағылшын тілінің жедел курстарын оқып, ресми түрде жұмысқа орналасады.
Үміткерлерді іріктеу және байқауға қатысу бойынша толық ақпаратты сілтеме арқылы немесе +7 (708) 035 6575 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып алуға болады.
Байланыс деректері:
Акционерлермен және инвесторларменбайланыс:
тел: +7 7172 78 64 34
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс:
press@kmg.kzтел: +7 (7172) 78 91 49, +7 (7172) 78 91 81