Главное

Азық-түлік пен қызмет бағасы қымбаттады: маусым айында инфляция 11,8%-ға жетті

2025 жылғы маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 11,8%-ды құрады. Бұл – мамыр айындағы 11,3%-дан жоғары. Елдің 18 өңірінде бағаның жылдық өсімі жеделдесе, бір өңірде баяулап, тағы бірінде тұрақты күйде қалған,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, маусым айында азық-түлік тауарлары жылдық мәнде 10,6%-ға қымбаттады (мамырда – 9,6%).

Ең жоғары өсім:

  • Ақмола облысында – 12,5%,
  • Ал ең төменгі көрсеткіш – Алматы қаласында – 8,7%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы жылдық мәнде 9,4%-ға өсті (мамырда – 9,0%). Бұл бағытта:

  • Ең жоғары өсім – Түркістан облысында – 12,5%;
  • Ең төменгі өсім – Павлодар облысында – 6,3%.

Маусымда ақылы қызметтер бағасы жылдық есепте 16,1%-ға көтерілді (мамырда – 16,0%). Дегенмен, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден төмен – 10,1% болды.

Другие новости

Back to top button