Социум

Әзірбайжан мен Армения шекарасында жаңа қақтығыстар орын алды: Қаза тапқандар бар

Әзірбайжан мен Армения шекарасында жаңа қақтығыстар орын алды. Қақтығыс ресейлік бітімгерлер бақылайтын Лачинск дәлізінде болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-гесілтеме жасап.

 

Армения қорғаныс министрлігі жергілікті уақыт бойынша 04:00-де Тех ауылы маңында әскерилерге оқ атылғанын мәлімдеді. Тех ауылы Армения мен Қарабақтағы армян халқы тұратын бөлікпен байланыстыратын жолға жақын орналасқан.

Ал Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Лачин қаласына жақын орналасқан әскерилер позициясына Армения тарапынан оқ атылғанын айтады.

Армения мен Әзірбайжан тарапы жарақат алғандар мен опат болғандардың бар екенін хабарлады.

Оқиға қай жерде болды?

Тех ауылы Лачин қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан. Бұл жолдың жартысынан бастап ресейлік бітімгерлер бақылайтын аймақ басталады.

Бітімгерлер Ресей, Әзірбайжан мен Армения 2020 жылдың қарашасында келісімге қол қойған соң енгізілген. Олар Таулы Қарабақтың армян халқы тұратын бөлігін бақылайды. Бұған дейін Лачин қаласын Армения басып алған. Бірақ 44 күндік соғыстың нәтижесі бойынша Әзірбайжан жеңіске жетіп, жоғарыда аталған келісімге қол қойылған соң қаланы қайтарып берді.

Сол кезеңнен бері екі ел шекараның қай жермен өтетінін келісе алмай келеді. 30 жылдан астам уақытқа созылған әскери жанжал кезінде мемлекеттер демаркацияны бастаған жоқ.

Әзірбайжан тарапын бірнеше рет Армения аумағына басып кірді деп айыптаған. Мысалы, 2021 жылдың мамырында әзірбайжандық әскерилер Армения шекарасынан өтіп, бірнеше шақырым алдыға жылжыған. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде ондаған адамның өмірін қиған ірі қақтығыстар орын алды.

Армения қауіпсіздік қызметі наурыздың соңында Корнидзор ауданындағы бес позицияда Әзірбайжан әскерінің ел аумағына кіргенін мәлімдеді. Ал Тех ауылының тұрғындары әзірбайжандықтардың екі аптадан бері Арменияға тиесілі жерде инженерлік жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан.

Другие новости

Back to top button