
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, каноэде ескек есуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 200 м қашықтықты 46.627 секундта бағындырып, екінші орын алды.
Жеңіске Қытай құрамасының (44.296) спортшылары жетті, ал үшінші орынды Өзбекстан иеленді.
Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 42 медаль бар: төрт алтын, тоғыз күміс және 29 қола.