Әзербайжанның ТЖМ дәрігерлері мен құтқарушылары Ақтауға аттанды
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің тәжірибелі психологтары, дәрігерлері мен құтқарушыларынан құралған топ Ақтауға аттанды, деп хабарлайды Kazinform Тrend-ке сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін топ қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ТЖМ-ның «Бе-200 ТЖ» амфибия ұшағымен Ақтау қаласына жөнелтілді.
Тrend-тің ведомствоға сілтеме жасап хабарлауынша, жүктелген міндеттерге сәйкес министрліктің психологтары зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда дәрігерлер тарапынан медициналық араласу жүргізіліп жатыр.
Министрлік құтқарушылары апат болған аумақта та тиісті шараларды қолға алады.
Еске салсақ, Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.
Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясы жарияланды.
Ақтаудағы әуе апатынан мерт болған қазақстандықтар анықталды.
Кейіннен ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.