Госорганы
Азаматтарға тегін ұсынылатын адвокаттарға бюджеттен қанша бөлінеді
«Министрлік мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасасқан адвокаттар мен заң консультанттарының шығыстарын өтейді. 2018-2021 жылдары республикалық бюджеттен тегін заң көмегін көрсетуге орта есеппен жыл сайын 1,7 млрд теңге бөлінді», — деп мәлімдеді Алма Мұқанова.
Оның айтуынша, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында адвокатқа аса ауыр қылмыстарды жүргізгені үшін – сағатына 1,15 АЕК (3 657 теңге), ауыр қылмыстарға – 0,78 АЕК (2 480 теңге), әкімшілік және азаматтық істер бойынша – 0,56 АЕК (1 780 теңге) төленеді.
Айта кетейік, бұған дейін тегін адвокаттық көмекқандай жағдайда көрсетілетінін жазып едік.
Бұдан өзге, екі жылдың ішінде 22 мыңнан аса қазақстандыққа адвокат электронды форматтатағайындалған.