Госорганы

Азаматтар полицияға 84 млн теңгенің қару-жарағын ерікті түрде тапсырды – Ыдырысов

Ол - 1181 бірлік қару мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов заңсыз сақталған қаруды өткізу акциялары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі заманда мемлекет пен қоғамның белсенді ынтымақтастығы арқылы ғана құқық бұзушылықтың профилактикасы, оның ішінде атыс қаруын қолдана отыр жасалатын мәселелерін тиімді шешуге болады.Осы мақсатта ІІМ 2012 жылдан бастап жыл сайын халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша акция өткізеді. Осындай акциялар барысында жалпы соммасы 1,9 млрд теңге болатын 56 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылды», — деді ол.

Ыдырысов атағандай, нәтижесінде қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың саны екі есеге азайды.

«Биыл осындай акция 10 сәуірден басталды, оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.Бүгінгі күні полицияға ерікті түрде жалпы соммасы 84 млн болатын, 1181 бірлік қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі  тапсырылды. ДП алдын ала мәліметтері бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бөлінген қаражатты игеруімен байланысты акция тоқтатылды», — деді ол.

Другие новости

Back to top button