Главное

Автосалонннан су жаңа көлік сатып алатын қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

Қазақстанда автосалоннан сатып алынған көліктерді eGov порталы арқылы онлайн тіркеу жүйесі енгізілуі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлескен бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Құжатқа сәйкес, елімізде «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жоба басталады.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы мына мемлекеттік қызметтер ұсынылады:

  • көліктің сәйкестендіру нөмірі бойынша көліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару;
  • көлікті тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін беру.

Пилоттық жоба 2026 жылғы 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Бұйрық жобасы 2 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған.

Другие новости

Back to top button