Нур-Султан

Автобус бойжеткенді қағып өлтірді: мердігер қайғылы оқиғадан кейін тротуар төсеген

Астанада №56 қоғамдық автобусы 2024 жылдың 26 қазанында, кешкі сағат 22:00-де Шыңғыс Айтматов пен Жұбан Молдағалиев көшелерінің қиылысында 22 жастағы Лолита Канды қағып өлтірген еді. Трагедиядан кейін құрылыс компаниясы қайғылы оқиға болған жерге тротуар төсеген, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Редакция Астана қаласының әкімдігіне сауал жолдап, қайғылы оқиғадан кейін мердігер жаяу жүргіншілерге қандай жағдай жасағанын сұраған еді.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған учаске жобалық екен.

«Сығанақ көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінің құрылысы» жобасын іске асыру толық көлемде аяқталмаған.

«2024 жылғы 17 қазанда аталған жобаны іске асыру аясында жол төсемін асфальттау және жарықтандыруды орнату жұмыстары аяқталды. Жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталуымен жалғасады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайғылы оқиға орын алған учаскеде уақытша тротуар орнатылды. Алайда Айтматов пен Молдағалиев көшелерінің қиылысында «Дельта» тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты бұл тротуар жарамсыз болып қалды», — деп хабарлайды басқарма.

Қазіргі уақытта «Дельта» тұрғын үй кешенінің құрылысшысы Ж. Молдағалиев көшесінен Е-15 көшесіне дейінгі учаскеде үйдің бойына тротуар төсеген.

Еске салсақ, қайтыс болған Лолита Канның туыстары қайғылы оқиғаға тек жүргізуші ғана емес, жаяу жүргіншілерге жағдай жасамаған құрылыс компаниясын да айыптаған еді.

Другие новости

Back to top button