Главное

Автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасы қандай жәрдемақы алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Астанада автобус апатынан зардап шеккен сегіз жасар қыз баланың отбасына мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Реабилитация мен медициналық көмек процедуралары аяқталғаннан кейін, балаға мүгедектік белгіленген соң республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Сонымен қатар, анасына көмек ретінде мүгедек балаға күтім жасауға байланысты жәрдемақы төленуі мүмкін. Бұл көмектің мөлшері еңбекке жарамдылық қабілетінің жоғалу дәрежесіне байланысты болады», — деді Шегай Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге салайық, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы Республика даңғылымен келе жатып, жол жиегіндегі бағанға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз бала екі бірдей аяғынан айырылды. Зардап шеккен қыз бауырларымен бірге Астанаға қыдырып келген. Көпбалалы отбасы Ақмола облысындағы ауылда тұрады.

9 маусым күні елорда әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына қаладағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

Другие новости

Back to top button